2025 Ташкент. Төле бидің жылдық дәстүрлі асы өткізілді.

27 сәуір күні Ташкентке Төкеннің жылдық асына барып қайттым. Осыған байланысты енді мақаланы жазып беріп оқырманмен бөлісейін. Әдетте ол жаққа барған сайын бір нәрсені біліп үйренемін, бұл рет те бір кісінің бабаның басына 40-тан астам рет зиярат еткенін есітіп тан қалдым.

Жыл сайын өтетін Жібек-жолы (ескіше Черняевка) шекара бекеті уақытша жабылғасын Қабыланбек шекара бекеті арқылы көрші елдің аумағына өтіп кеттік.



КПП-дан өткесін сол жақтағы автовокзалдың аумағында бұл шараға қатысатын бауырларымызды 7-8 автобус күтіп тұрды.

Астың программасы бойынша шахардағы шара Шымыр бабаны зиярат етуден басталды. Автовокзалдан сол жерге жүріп кеттік. Шымыр баба мазаратының кіреберісінде келушілерді Түркістан облысында Шымыр баба қорының президенті Орынбасар аға, Ташкентте қазақ мәдени орталығының басшысы, тағы да бірқатар ел ағалары күтіп алды. Қазақ жандардың шетелде осындай шара төңірегінде топтасқаны қандай тамаша!











сол сәттерден бір видеоны да неге қоспасқа (видеоның сапасын арттыру үшін - ютубтың экран бетіндегі настройки тарауына кіріп өзгертіңіз):



Содан соң асқа жиналған жұрт автобус, көліктеріне мініп Төле бидің кесенесіне тартты.

Кесене алдында түсірген видео:



Бірте-бірте зияратқа келген ағайын кесене алдына сыймай, ортадағы жасыл шөпке шығып кетті.



Сол жерде танымал спортшымыз, Серік ағамызды да көргенім бар. Оны бір топ адам үнемі көршап тұрғасын сәлемдесіп сөйлесуге мүмкіншілік болған жоқ.



Сол жерде Шейхантәуір кешенінің шырақшысымен әңгімелесіп сүретке түстім. Ол кісінің сол жерде бірнеше жыл бойы қызмет істеп жүргенін білемін. Жалпы молодес, келген жұртты қайта-қайта газон шөпті таптамауға шақырды :)

Кесене жақта түсірген бірнеше сүретті осында салып қоямын. Видео видеосымен бірақ фотографияның ерекше бір сәні бар ғой. Айтпақшы, кесене артындағы ғимараттың құрылысы қайта жанданды, тіпті қозғалып тұрған краннын стреласы сүреттердің біреуіне түсіп үлгерді ) Кесенеге тиіп тұрған бұл сияқты құрылыстың астында қанша бейіт кетті-ау. Өмір - өзен.















Төле бидің кесенесінен шығып бағдарламаға сәйкес көрші елде дүниеге келген қазақ генерал Сабыр Рахимовтың ескерткіші тұрған қалалық саябаққа аттандық.

Саябақ кіреберісінің алдында біраз тұрып қалдық. Саябақтың қызметкерлері біреулерден команда күтіп тұрған сияқты болып көрінді. Ақырында ішке кіргізді. Саябақтың кіреберісіне қарама қарсы, жолдың арғы жағында тонировкасы бар мем қауіпсіздік қызметінің көлігі келіп, дүкеннің қасындағы парковкіде тұрып ішіндегі біреулер жағдайды бақылап отырды :) Зияратқа келген кейбір жандар саябақта ескерткіштердің алдына гүл шоқтарын қойып, Сабыр Рахимовтың рухына оқылған дуғаларға алақан жайып, саябақтын жанында орналасқан тойханаға жөнелді. Жергілікті журналисттер тобымыздан кейбір адамдарын бөлек сұхбатқа шақырып репортажын жасап тұрды. Сол сәттерде түсірген кейбір сүреттерім мен видео төменде:















"Жабық"









Сөйтіп ас болатын тойханаға соңғы қатарларда барып кіргенімізде, келушілерді өлең-өнерімен қарсы алған қазақ жігіттер тәнті етті. Жарайсындар!



Тойханада алғашқы сөз Әлібек Өміралиев, Нұрлан Өнербаев, көрші елде қазақ мәдени орталығының басшысы - Серік Үсенов, Ерқуат Байышев есімді ел ағаларға берілді.





Содан соң Н. Өнербаев ағамыз көпшілікті өз өнерімен қуантып, шын ықыласпен вокалдық қабілетін көрсете білді.





Зиярат етуші қауым алдында өнерін көрсеткендердің арасында көрші елдің қазақ ақыны да болды:



Сөз кезегі танымал жазушы Шойбек Орынбай ағамызбен Енсенов Канатка келді. Енсенов Канат еліміздегі оқу бағдарламаларына қосқан үлесі үшін марапатталды.





Жиынға дайындалып келіп, ортада ән шырқаған бауырларымызға алғысымыз шексіз. Сол сәттерден кейбір видеолар төменде:





Аста айтылған сөздің барлығын түсіруге мүмкіншілік болған жоқ, дегенмен кейбірін түсіріп үлгердік. Әулиеата Жаныстарының өкілі, Өтеген батырдың ұрпағы, Лештаев Орынбасар, тағы да бірқатар ағаларымыздың тілек-лебіздері төменде:





Астың соңында шараның ұйымдастырушісі Жарылқасын ағамыз өнерің көрсеткен ташкенттік Құлмағанбет ақынды, әнші қарындасымызды марапаттап, Төлеұлы Қожамжар атаның ұрпағынан бата сұрап асты ресми түрде аяқтады.



Қорыта келгенде, биыл Ташкент шахарында берілген ас жоғары деңгейде өткізілді. Бұл дәстүрлі шараға атсалысқан бар азамат, бауырларымызға алғысымызды білдіреміз!
FaLang translation system by Faboba